31 наурыз 2023 09:35

Сот шешімі: ақтөбелік бұрынғы әйелі және оның ғашығымен бірге тұратын болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Ақтөбе тұрғыны бұрынғы әйелінің үстінен сотқа шағымданып, ортақ пәтерде тұру құқығын қорғап қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе тұрғыны бұрынғы әйелінің үстінен сотқа шағымданып, ортақ пәтерде тұру құқығын қорғап қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Ақтөбеде азаматтық істер бойынша сотта ерекше іс қаралды. Ер адам бұрынғы әйелінің үстінен сотқа шағым түсірген. Ол бұрынғы әйелімен ортақ пәтері бар екенін, қазір ол басқа ер адаммен бірге тұратынын және ол өз үйінен кеткенін түсіндірді. Ол сот арқылы даулы пәтерге кіруге рұқсат беруді, оған жеке бөлме бөлуді, дәлізді, дәретхананы және ас үйді ортақ пайдалануда қалдыруды талап етті.

Сотта жауапкер бұрынғы күйеуінің үйге көшуіне кедергі жасамағанын, тіпті оған қонақ бөлмесін беруге де дайын екенін айтқан. Сот ажырасқан талапкердің талап арызын әділетті деп санап, оған ауданы 15,7 шаршы метр болатын қонақ бөлмені, жауапкерге ауданы 13,2 шаршы метр болатын бөлмені белгілеген. Бұрынғы ерлі-зайыптылар дәретхана, дәліз және асүйді теңдей пайдалана алады, деп шешті сот.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram