Сот “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасына“ айыппұл салды

Фото ©️ Турар Казангапов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Жуалы ауданының №4 мектебінің директорына "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасымын" деп қоңырау соққан белгісіз адамға қатысты тергеу жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Департамент жүргізген тексеру шеңберінде Атырау облысының аумағында тұратын азаматтың жеке басын анықтады.

"Ол өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы ретінде көрсете отырып, бұрын еңбек тәртібін бұзғаны (жұмыс орнында мас күйінде болған) үшін жұмыстан босатылған қызметкерді жұмысқа қайта алуға жәрдем көрсетуді сұраған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

8 мамырда Полиция департаменті күдіктіге қатысты жала жабу дерегі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама (ҚР ӘҚБтК 73-3-бабы 2-бөлігі) жасалып, Атырау қалалық әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотына жіберілді.

Сот процесі барысында азамат кінәсін толық мойындады және жасаған ісіне өкініш білдірді.

14 мамырда сот шешімі бойынша, С. ҚР ӘҚБтК-нің 73-3-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама