20 маусым 2024 | 13:35

Сотта Гүлмира Сатыбалдының компаниясы Алматыда қандай құрылыстарды салғаны айтылды

Фото:depositphotos.com

Алматының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Сотта жәбірленуші айыпталушының қолдауы арқасында Алматыда қандай нысандар салғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Сотта жәбірленуші айыпталушының қолдауы арқасында Алматыда қандай нысандар салғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жәбірленуші кәсіпкер Абай Жүнісовтің ағасы Қасым Жүнісов сотта жауап берді. Ол жәбірленуші мен Сатыбалдының ортақ иелігіндегі құрылыс компаниясында жұмыс істеген. Қасым Жүнісовтің айтуынша, ол Гүлмира Сатыбалдымен 2011 жылы кездесіп, олар өте жақсы араласқан. Ол өзінің "әкімшілік ресурсын" ұсынған.

"Ол бізге өте жақсы көмектесті, біз оған сендік, себебі ол Қайрат Сатыбалдыұлы және Назарбаевпен жақсы байланыста болды. Нәтижесінде біздің бірінші жобамыз 1200 орындық мектеп болды. Бастапқыда құрылыс екі жылға жоспарланған болса, жоба бір жылда жақсы аяқталды. Біздің екінші жобамыз - екі НЗМ мектебі (Назарбаев Зияткерлік мектебі), бірінің құны 4,5 миллиард теңге, екіншісі - 3,7 миллиард. Сондай-ақ, біз құны 24 миллиард теңге болатын мұз аренасын салдық. Жобалармен ешқандай проблемалар болған жоқ, біз уақытында орындадық. Мұз айдыны аренасына келсек, Назарбаевтың өзі келіп, қабылдап алды, бізде сурет бар. Біз Алматы әкімі Бауыржан Байбектен 1200 орындық химия-биологиялық бейімділіктегі мектеп жобасын да алған едік", – дейді жәбірленуші Қасым Жүнісов.

Реклама
Реклама

Жәбірленушінің адвокаты салынған нысандардың суреттерін іс материалдарына қосу туралы өтініш білдірді. Олардың айтуынша, бұл барлық жоба адал ниетпен жүзеге асырылғанын және Сатыбалды айыптағандай, құрылыста жымқыру болмағанын дәлелдейді.

Өтінішті Гүлмира Сатыбалдының адвокаты да басқа дәлелдер келтіріп, қолдады. Оның айтуынша, суреттер ағайынды Жүнісовтердің Сатыбалдымен ынтымақтасуы тиімді болғанын дәлелдейді.

Судья бұл суретті ірі тапсырыстар алу үшін "әкімшілік ресурстарды пайдаланудың" дәлелі ретінде түсіндіруге болатынын ескертті. Дегенмен, қорғаушылар бұл фотосурет керісінше "Сатыбалдылар мен Жүнісовтердің белгілі бір уақытқа дейін бірге жұмыс істегенін" және жобаларды сәтті жүзеге асырғанын дәлелдейтінін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная