15 қазан 2020 07:36

Сотталған экс-әкім Бақауов мәжбүрлі еңбектен босатылды

Фото: Тұрар Қазанғапов

Шартты мерзім алып, қоғамдық жұмыстарды орындауға жазаланған Павлодардың экс-әкімі Болат Бақауов енді көше сыпырып, саябақты көгалдандырмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шартты мерзім алып, қоғамдық жұмыстарды орындауға жазаланған Павлодардың экс-әкімі Болат Бақауов енді көше сыпырып, саябақты көгалдандырмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Бұрынғы әкім жылына 100 сағат жұмыс істеу керек. Алайда телеарна мәліметінше, Бақауов жұмыс тауып алған. 

Реклама
Реклама

"Сотталған азамат бекітілген мекенжайы бойынша Павлодар қаласының пробация қызметінде есепте тұр. Заңнамаға сәйкес, жұмысқа орналаспаған сотталғандар мәжбүрлі еңбекке тартылады. Алайда бұл азамат жұмыспен қамтылған. Мәжбүрлі еңбекке тартылмайды. Жеке ісінен ақпаратты жариялауға болмайды", - деді Павлодар облысы ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы Гүлжан Абдуғалиева.

Еске салайық, 49 жастағы Бақауов кінәсін толық мойындағаннан кейін прокурормен келісімге келді. Оған лауазымын асыра пайлаланып, ауыр салдарға әкеп соқты деген айып тағылды. Істің материалы бойынша, Бақауовтың жиеніне тиесілі фирма 200 миллион теңге салық төлемеген. Әкім салықшылардан бұл соманы 40 есе азайтуды талап еткен. Тергеуден кейін сот экс-әкімге үш жарым жылға бостандығын шектеу және қоғамдық орындарда мәжбүрлі еңбекке тарту жазасын кесті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Алматыда нөсер жауады