03 сәуір 2024 | 12:16

"Сотты жаңылыстырдыңыз". Бишімбаевтың адвокаттарына ескерту жасалды

видео кадры

Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы қинады және өлтірді деп айыпталып отырған Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Айғақ беру кезінде экс-министрдің қорғаушысына сот пен процеске қатысушыларды жаңылыстырғаны үшін ескерту жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы қинады және өлтірді деп айыпталып отырған Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Айғақ беру кезінде экс-министрдің қорғаушысына сот пен процеске қатысушыларды жаңылыстырғаны үшін ескерту жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қылмыс болған Bau мейрамханасының суреттерін көрсету кезінде зардап шеккен тараптың қорғаушысы Бишімбаевтың адвокаттары кейін түсірілген суреттерді ұсынғанын айтты.

"Құрметті сот, суреттер 2024 жылдың 28 наурызында, оқиғаның өзі 2023 жылдың 9-10 қарашасы аралығында болған. Құрметті сот, бұл суреттер іс материалдарында жоқ", - деп қарсылық білдірді жәбірленуші тарап адвокаты.

Реклама
Реклама

Судья Айжан Кулбаева Бишімбаевтың адвокаттарынан суреттерді жинауды сұрап, оларға ескерту жасады.

"Біріншіден, сот қорғаушыларға ескерту жасайды. Сіз бұл қылмыс болған жерді тексеру актісінен алынған суреттер деп көрсетіп, сотты және процеске қатысушыларды жаңылыстырдыңыз, бірақ іс жүзінде сіз басқа суреттерді көрсетіп отырсыз. Осы себепті суреттерді жинаңыз. Сіз сызбаға қарай аласыз және сотталушыдан жауап алуды жалғастырамыз. Ал сотты жаңылыстырғаныңыз үшін сот іс бойынша түпкілікті шешім қабылдаған кезде тиісті шараларды қабылдайды", - деді судья.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная