ПОДЕЛИТЬСЯ
14 шілде 2022 | 12:10
"Созбалаңға салуға болмайды". Тоқаев елдегі жолдар сапасы туралы айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жол жөндеу жұмыстарын созбалаңға салуға болмайтынын және жобаларды жүзеге асыру барысын қатаң бақылауға алу қажет екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жол жөндеу жұмыстарын созбалаңға салуға болмайтынын және жобаларды жүзеге асыру барысын қатаң бақылауға алу қажет екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біз бір апта бұрын еліміздің көлік-транзит әлеуетін дамыту мәселелері туралы арнайы жиын өткіздік. Бүгін автожол инфрақұрылымы саласындағы түйткілдерге ерекше тоқталғым келеді. Биыл 11 мыңнан аса шақырым жолға әртүрлі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұған 600 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінді. Жөндеу жұмыстарын созбалаңға салуға болмайды", - деді Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Президент жобаларды жүзеге асыру барысын қатаң бақылауға алу қажет екенін айтты.
"Жолдың сапасына айрықша назар аудару керек. Еліміздің жолдары нашар екені және жол құрылысы саласын жемқорлық жайлағаны ешкімге жасырын емес", - деді Тоқаев.
Сондай-ақ, Президент Қазақстанда жол құрылысына қажетті материалдың бәрі барын, бірақ отандық өндірістің әлеуеті толық қолданылмайтыны айтылды.
"Мұны, тіпті, қолдан жасалған тапшылық деуге болады. Мысалы, елімізде битум өндіретін үш зауыт бар. Соған қарамастан, 200 мың тонна битум жетіспейді. Құрылыс қарқынды жүрген кезде оның бағасы үш есе, яғни бір тоннасы 90 мыңнан 250 мың теңгеге дейін қымбаттайды. Үкіметке жол құрылысына қажетті ресурстарды өндіру және тұтыну барысын мұқият саралауды тапсырамын. Соның негізінде құрылыс материалдарын шығаратын жаңа кәсіпорындар ашу қажет. Ал, жұмыс істеп тұрған нысандарды жаңғырту керек", - деді Тоқаев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также