Шпекбаев мемқызметтегі ең парақор ведомстволарды атап берді

© ortcom.kz

?кімдіктер е? пара?ор ??рылымдар. Б?л туралы ?Р Мемлекеттік ?ызмет істері ж?не сыбайлас жем?орлы??а ?арсы іс-?имыл агенттігі Т?ра?асыны? орынбасары Алик Шпекбаев м?лімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Әкімдіктер ең парақор құрылымдар. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Ең көп пара алатындар - әкімдіктегілер, ішкі істер қызметіндегілер, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер департаменті. Осы құрылымдарда парақорлық жайлап тұр, бұларға қарсы ескерту мен профилактикалық шаралар қолдану қажет", - деді Шпекбаев. 

Оның айтуынша, мұның алдын алу үшін мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіру керек және мемқызметте жүргендердің жалақысын өсіру қажет. 

Реклама
Реклама

"Бірінші кезекте оларда экономикалық мотивация болуы тиіс. Жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізбеген басшыларға талапты күшейтіп, шара қолдану керек", - деді ол. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама