Шпекбаев пен Шайымова Қожамжаровтың орынбасары қызметіне келді

Шпекбаев пен Шайымова Қожамжаровтың орынбасары қызметіне келді

Алик Шпекбаев пен Айгүл Шайымова Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының бұйрығымен: Айгүл Амантайқызы Шайымова Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне; Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалсын", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін Мемлекеттік қызмет істері министрлігі қайта құрылғаны хабарланған болатын. 

Жарнама
Жарнама
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама