28 сәуір 2021 | 12:37

"Спутник V" үндістандық штамға қарсы тұра алады - ғалым

Ресейлік "Спутник V" вакцинасы коронавирустың үндістандық мутациясына қарсы тиімді. Бұл туралы Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми орталығының директоры Александр Гинцбург мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресейлік "Спутник V" вакцинасы коронавирустың үндістандық мутациясына қарсы тиімді. Бұл туралы Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми орталығының директоры Александр Гинцбург мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, "Спутник V"-ның екі дозасынан кейін "антиген өзгерсе де, протективті иммуноглобулиндердің титрі жоғары" болады.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы антидене коронавирустың үндістандық мутациясына қарсы тұра алмайтынын мәлімдеген болатын.

Реклама
Реклама

"E484Q және L452R мутациялы вирустың бұл түрі Үндістанда 2020 жылдың 1 желтоқсанында анықталған сынамалардан табылды. Бұл мутацияларды зерттеу жұмыстары әлі де жүріп жатыр", - деді ұйым өкілдері.   

Еске салайық, Үндістанда кейінгі күндері науқастар мен қайтыс болғандар саны рекорд орнатып жатыр. Үндістан тұрғындарына тіпті үйде бетперде тағуға кеңес берілді, ал бірқатар ел ол жермен әуе қатынасын тоқтатты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная