03 ақпан 2021 18:56

"Спутник V" вакцинасы Қазақстанда тіркелмеді - Денсаулық сақтау министрлігі

Фото ©REUTERS

Бірқатар шенеунікке, сондай-ақ көптеген дәрігерге коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасы салынды, бірақ вакцина Қазақстанда әлі тіркелмеген болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бірқатар шенеунікке, сондай-ақ көптеген дәрігерге коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасы салынды, бірақ вакцина Қазақстанда әлі тіркелмеген болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда "Спутник V" вакцинасы тіркелмегені туралы ақпаратты Денсаулық сақтау вице-министрі - елдің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов растады.

Реклама
Реклама

"Ол қарастырылып жатыр. 22 мың дозадан тұратын вакцинаның бірінші партиясы заңға сәйкес бір рет әкелінген. Сонымен қатар, Қарағанды ​​фармацевтикалық кешенінде вакцинаның алты мың дозадан тұратын партиясы шығарылғанын білесіздер. Партия тиімділігі мен қауіпсіздігін растау үшін Гамалея атындағы Ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми орталығына жіберілді. Бұл партияны институт мақұлдады және жоғары тиімділік пен қауіпсіздігін көрсетті", - деді Қиясов.

Қазақстанда "Спутник V" екпесін салу вакцина тіркелгенге дейін басталған болатын.

"Вакцинация алдында Денсаулық сақтау министрлігі препараттың клиникалық сынақтан өтуі туралы барлық деректі сұрады, біз барлық есепті алдық, Ұлттық дәрі-дәрмектер сараптау орталығында сараптама жүргізілді және осы препаратты бір рет елге әкелуге рұқсат берілді", - деді денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният.

Қиясов вакцинаны Қазақстанда тіркеу жақын арада жоспарланып отырғанын айтты.

Қазақстанның бас санитар дәрігері 1 ақпанда таңертең алғашқылардың бірі болып ресейлік "Спутник V" вакцинасын салдырған болатын. Сол күні қазақстандықтарды жаппай вакцинациялау басталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram