ШҚО әкімі түн ортасында қардан тазарту бойынша шұғыл кеңес өткізді

Тengrinews.kz

??ір басшысы Даниал Ахметов ?скеменді ?ардан тазалау бойынша коммуналды? мекемелерді? ж?мыстарын ?зі ?йлестіріп, ?ата? ба?ылауда ?стауда, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Өңір басшысы Даниал Ахметов Өскеменді қардан тазалау бойынша коммуналдық мекемелердің жұмыстарын өзі үйлестіріп, қатаң бақылауда ұстауда, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Даниал Ахметов өзінің өкімімен облыстық жол жөндеу компанияларының автогрейдерлерін, бульдозерлерін, тракторларын, қар тиеп, тасымалдайтын техникаларын Өскемен қаласын тазалауға кірістірді.

ШҚО әкімі бүгін түн ортасында Өскеменді қардан тазарту бойынша кеңес өткізді. Оған қалалық коммуналдық қызметтермен қатар жол жөндеумен айналысатын аймақтық кәсіпорындардың басшылары да қатысты.

Реклама
Реклама

Кеңестің қорытындысы бойынша өңір әкімі Даниал Ахметов облыстық маңыздағы жол компанияларының арнайы техникаларын Өскеменді қардан тазарту үшін тарту туралы өкімге қол қойды.

Жалпы саны 40 бірлікті құрайтын автогрейдерлер, бульдозерлер, тракторлар, қар тиеп, тасымалдайтын техникалар облыс орталығының шағынаудандары бойынша бөлінді. ШҚО ішкі істер департаментіне жол техникасының кедергісіз жұмыс істеуін қадағалау тапсырылды. Қосымша жұмылдырылған кәсіпорындардың шығындары облыстық бюджеттен өтелмек.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама