ШҚО әкімі жұмыс уақытында мешітке баратын жұмысшыларын сөкті

Шығыс Қазақстан облысының баспасөз қызметі

Шы?ыс ?аза?стан облысыны? ?кімі Даниал Ахметов облысты? ?кімдікті? отырысында мемлекеттік ?ызметкерлерді? ж?мыс уа?ыты кезінде мешітке баруын до?аруды талап етті, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов облыстық әкімдіктің отырысында мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақыты кезінде мешітке баруын доғаруды талап етті, - деп хабарлайды YK-news.kz.

"Доғарыңдар! Екі діни мереке бар. Құрбан айт пен Рождество. Сол кезде барыңыздар. Сіздер таңдау жасауларыңыз керек: конституциялық елде тұрасыз ба әлде басқа тағы бір жерде ме? Мен қарсы емеспін, бірақ Конституцияда жазылған: Қазақстан - бұл зайырлы мемлекет. Мұнда отырған басшылар, сіздер қызметкерлеріңіздің жұма күні сағат 12-ден бастап жұмыс орнында жоқ екенін бақылайсыздар ма?" - деді Даниал Ахметов отырыстың қатысушыларына.

Сонымен қатар, ШҚО әкімі діни мерекелерді қуана қарсы алатынын жасырмады. 

Реклама
Реклама

"Мен де Құрбан айт кезінде мешітке барамын. Рождество кезінде православтарды құттықтаймын. Бұл дұрыс. Мұны біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та жасайды. Бірақ кешіріңіз, мені жұмыс уақытында... Бұл жұмыс тәртібінің мәселесі", - деді Шығыс Қазақстан облысының басшысы.

Еске салайық, Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып 2014 жылдың қараша айында тағайындаллған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news5
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама