СҚО-да 500-ден аса тұрғын Қазақстан азаматтығынан айырылды

© egov.kz

Солт?стік ?аза?стан облысыны? 500-ден аса т?р?ыны ?аза?стан азаматты?ынан айырылды, - деп хабарлайды КТК арнасы. ?йткені олар ?ос азаматты?ты пайдаланып келген. Я?ни, б?л адамдар Ресей азаматты?ын ал?анымен, елімізді? ??жаттарын ?олданып ж?ре беріпті. 

Солтүстік Қазақстан облысының 500-ден аса тұрғыны Қазақстан азаматтығынан айырылды, - деп хабарлайды КТК арнасы. Өйткені олар қос азаматтықты пайдаланып келген. Яғни, бұл адамдар Ресей азаматтығын алғанымен, еліміздің құжаттарын қолданып жүре беріпті. 

Тәртіп сақшылары оларды іздеп тауып, қазақстандық төлқұжаттарын тартып алып жатыр. Ал жарамсыз төлқұжатпен жұмыс істеп, тіпті еліміздің жеңілдіктерін пайдаланып, мемлекетке шығын келтірген 80 адамға 200 мың теңгедей айыппұл салынды. Сондай-ақ, Ресей азаматтығын алса да, қазақстандық паспортты арам пиғылда қолданбаған 451 адамға кешірім жасалыпты. Қос бірдей азаматтықпен жұмыс істегендердің арасында тіпті мемлекеттік қызметкер де бар. Осы үшін жұмысынан босатылған шенеунік, 600 мың теңге айыппұл да төлеуі тиіс. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама