ШҚО-да ауыл тұрғындарын эвакуациялап жатыр

© ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Шы?ыс ?заа?стан облысыны? ??т?арушылары Глубоковский ауданында?ы Жа?а ?лбі ауылыны? т?р?ындарын эвакуациялап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Шығыс Қзаақстан облысының құтқарушылары Глубоковский ауданындағы Жаңа Үлбі ауылының тұрғындарын эвакуациялап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ШҚО ТЖД мәліметінше, нөсер жауынның салдарынан Үлбі өзенінің суы арансынан тасыған. Қазіргі уақытта 14 үйдің ауласын су басқан. 

 

Реклама
Реклама

Ауыл тұрғындары өздігінен өзеннің арғы бетіне өте алмайды, себебі көпірге баратын жолды су басқан. Оларға Шығыс өңірлік аэромобилді жедел құтару бөлімі көмектесіп жатыр. Қазіргі уақытта 26 ересек адам және 8 бала қауіпсіз жерге көшірілді. 4 адам эвакуациядан бас тартты. ЗҚаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. 

 

Оқиға орнында ТЖ департаментінің басшысы Нұрлан Мадьяров, Глубоковский ауданының әкімі және облыстық әкімдіктің өкілдері жүр. ТЖД мәліметінше, бірнеше күн бұрын ТЖ қызметі тұрғындарға өзеннің суы көтеріліп, су тасқыны болуы мүмкін екенін хабарлаған. 

Бір күннің ішінде өзен суының деңгейі 94 сантиметрге көтерілген. Құтқарушылардың айтуынша, жағдай бақылауда. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама