ШҚО-да су басқан ауылдар квадрокоптермен түсірілді

Видеодан алыған кадр

Шы?ыс ?аза?стан облысында су бас?ан ауылдар квадрокоптермен т?сірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысында су басқан ауылдар квадрокоптермен түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыс тұрғыны Иван Егоровтың айтуынша, видео Өскеменнен 12 шақырым жерде түсірілген. Видеодағы кадрлардан көше мен үйлердің су астында қалғанын көруге болады.

Реклама
Реклама

"Оңтүстік бөлікте шамамен 30 үй су астында қалды. Ол жақта саяжайымыз бар, көлікжай да су астында қалды, үйдің ішін де су басты. Құтқарушылар түнгі уақытта адамдарды эвакуациялады. Екі көліктің су астында қалғанын көрдім. Кеше біраз жаңбыр жауды, бүгін су кетіп, мұз болып жатыр", - дейді Иван Егоров.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті өкілдерінің мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысындағы құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.

"Қазіргі уақытта 15 мың текше метр су тартылды. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Олар суды мотопомп пен инертті материалдармен тартып жатыр. (...) 112 нөміріне әлі де қоңыраулар келіп жатыр. Соңғы 24 сағатта шамамен 3 000 қоңырау келіп түсті. Әрбір қоңырау бойынша жедел штаб өкілдері айналысып жатыр", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама