СҚО-да жаңажылдық безендіруге ақша жұмсалмайды

Камила Долаева Журналист
СҚО-да жаңажылдық безендіруге ақша жұмсалмайды

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аймақтың Жаңа жылға дайындығы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  Петропавловск.news сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысының бюджеті "аз, 9 миллиард теңге ғана". "Бізде басқа облыстармен салыстырғанда 10 есе аз. Соның әсерінен көп нәрсеге, әсіресе қаланы безендіруге қаражат жете бермейді. Сондықтан қала басшылығына биыл безендіруге бюджеттен ақша бөлінбейтінін айттым", - деді Ақсақалов. 

Аймақ басшысы Петропавл қаласының әкімімен арнайы Астанаға келіп, әкімге бас қаланың безендірілуін көрсеткенін айтты. "Конструкция құруда ешқандай қиындық жоқ. Мысалы, мұның барлығын колледждерде жасауға болады. Сондықтан биыл бұл мақсатта қаражат бөлінбейді", - деді Құмар Ақсақалов.

Жарнама
Жарнама

Еске салайық, былтыр да Петропавл қаласын Жаңа жылға безендіруге бюджеттен ақша үнемдеген еді. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама