ШҚО тұрғындары 2-3 балдық жер сілкінісін сезді

Камила Долаева Журналист

Шығыс Қазақстан облысында 2-3 балдық жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция комитеті" ММ-ге сілтеме жасап.

Сейсмологтардың мәліметі бойынша, жер сілкінісі 2 ақпанда Астана уақытымен сағат 03.54-те тіркелді. Эпицентрі Қазақстан мен Қытайдың шекарасында, Алматыдан солтүстік шығысқа қарай 616 шақырым жерде. Жер сілкінісінің ошағы 5 шақырым тереңдікте. Энергетикалық класы - 12,9.

Магнитудасы 5,8 MPV.

Реклама
Реклама

Зайсан және Өскемен тұрғындары 2-3 балдық жер сілкінісін сезген. Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама