Стадионда аяғын орындықтың арқалығына қойған Астана тұрғынына 86 мың теңге айыппұл салынды

Стадионда аяғын орындықтың арқалығына қойған Астана тұрғынына 86 мың теңге айыппұл салынды Әлеуметтік желілерден алынған бейнекадр

Астанада әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полицейлер футбол матчі кезінде қоғамдық орында әдеп нормаларын өрескел бұзған ер адамның әрекеті түсірілген бейнежазбаны анықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Тәртіпбұзушы елорданың 28 жастағы тұрғыны болып шықты. Матч барысында ер адам аяқ киімін шешіп, аяғын алдындағы орындықтың арқалығына қойғаны анықталды. Ол осы әрекетімен айналасындағыларға құрметсіздік танытып, көрермендердің наразылығын тудырған.

Жарнама
Жарнама

Қоғамдық тәртіпті бұзып, айналасындағыларға анық құрметсіздік көрсеткені үшін құқықбұзушы ұсақ бұзақылық бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 20 АЕК (86 500 теңге - ред. еск.) мөлшерінде айыппұл салынды.

Полиция қоғамдық орындарда өзін мәдениетті ұстау, тәртіп сақтау және өзгенің құқығы мен жайлылығын құрметтеу қоғамдық тәртіптің негізі екенін еске салады.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары азаматтарды қоғамдық әдеп қағидаларын сақтауға, айналадағы адамдарға құрметпен қарауға, сондай-ақ спорттық және өзге де бұқаралық іс-шараларда тәртіпті сақтауға шақырды. Әрбір азаматтың мәдениетті мінез-құлқы – баршаға қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастырудың кепілі.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама