24 қараша 2021 | 13:27

Стати жеңілгенін мойындады: Ұлттық қор активтері бұғаттан шығарылады

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Иллюстрациялық суете

Анатол мен Габриэль Стати Ұлттық қордың 530 миллион доллар көлеміндегі активтерін Бельгияда уақытша бұғаттау туралы шешімнің күшін жою керек екенін мойындады. Бұл туралы Әділет министрлігі хабарлады. Министрліктің хабарлауынша, Белгиядағы бұл әрекет Қазақстан мен ҚР Ұлттық банкіне қарсы басталған сот процесінде Статидің мүмкіндігі аз екенін көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Анатол мен Габриэль Стати Ұлттық қордың 530 миллион доллар көлеміндегі активтерін Бельгияда уақытша бұғаттау туралы шешімнің күшін жою керек екенін мойындады. Бұл туралы Әділет министрлігі хабарлады. Министрліктің хабарлауынша, Белгиядағы бұл әрекет Қазақстан мен ҚР Ұлттық банкіне қарсы басталған сот процесінде Статидің мүмкіндігі аз екенін көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әділет министрлігі бұғаттаудың күшін жою Брюссель апелляциялық сотының 16 қарашадағы шешімінің тікелей нәтижесі екенін атап өтті. Бұл шешім Статидің ірі көлемдегі алаяқтық схемаға қатысы барын және сот ісін жүргізу кезінде төрелік сотты ғана емес, сонымен қатар, төрелік шешімді жою кезінде Швеция сотын да алдағанын көрсетеді.

Стати 2017 жылдың соңында Бельгияда сот ісін қозғады. Осының салдарынан Bank New York Mellon 2018 жылдың мамырында Ұлттық қордың 530 миллион доллар көлеміндегі активтерін бұғаттады.

Реклама
Реклама

Нәтижесінде, Бельгиядағы сот үш процесті қамтыды:

  • төрелік шешімді тану және орындау бойынша іс жүргізу;
  • уақытша қамауға алу ісі;
  • активтерге уақытша тыйым салуды атқарушылық тыйым салуға айналдыру процесі.

Бұл сот процестерінің барлығы Статидің алаяқтығы ретінде Брюссель апелляциялық соты нәтижесінде танылған төрелік шешімге негізделген.

"Статидің Бельгиядағы 530 миллион долларды тәркілеуден өз еркімен бас тартуы - олардың кең тараған алаяқтығының салдарының бірі ғана. Әділет министрлігі заң үстемдігін Статиден де, сыбайластарынан да қорғау үшін барлық мүмкіндікті қарастырады. Оның ішінде Дэниел Чапман және оның Argentem Creek компаниялар тобы бар", - деді әділет министрі Марат Бекетаев.

Әділет министрлігі Лондонның Жоғарғы сотында уақытша қамауға алу процестері аясында жеке сот процестері жүргізілгенін, нәтижесінде 2020 жылдың наурызында Қазақстан мен Ұлттық банктің пайдасына шешім қабылданғанын атап өтті. Статидің Лондондағы сот процесінде жеңілісінің салдарының бірі 2021 жылдың ақпанында Жоғарғы сот Статиді Қазақстан мен Ұлттық банкке 3,7 миллион доллар көлемінде сот шығындарын төлеуге міндеттеуі болды. Осы уақытқа дейін Стати бұл шешімді орындамады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная