18 мамыр 2021 | 11:53

"Стилім сондай". Шымкентте Louis Vuitton киген полицей тұрғындар наразылығын тудырды

Видеодан алынған

Шымкентте полицейдің киген киімі жергілікті тұрғындар наразылығын тудырды. Ол жұмыс барысында Louis Vuitton бренд жейдесінде болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте полицейдің киген киімі жергілікті тұрғындар наразылығын тудырды. Ол жұмыс барысында Louis Vuitton бренд жейдесінде болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Еңбекші ауданындағы базарлардың бірінде болған. Базарға екі полиция қызметкері келген. Олардың бірі құқық қорғау органдарының формасын, ал екіншісі Louis Vuitton брендінен жейде және полицей формасының шалбарын киген.

Шағын базар саудагерлері полиция формасын кимеген тәртіп сақшыларына наразылық білдірген. Оған полиция қызметкері дөрекі түрде "стилі сондай" екенін айтқан. Кейін екі тарап арасында жанжал туындаған. Адамдар оқиғаны видеоға түсіріп, кейін Желіге жариялады.

Реклама
Реклама

Бірнеше күннен кейін полиция бұл оқиғаға қатысты түсінік берді. Шымкент қаласы құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша, қызметтік тексеру жүргізілген.

"Видеодағы қызметкер Еңбекші аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторы. Ол видеода көрсетілген маңда тұрады. Сол күні полицей нысанды киім кию ережелерін бұзып, әріптесіне келген. Ол белгіленбеген жерде сауда жасаған саудагерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Тексеру нәтижелері бойынша екі қызметкерге де қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды", - деді қалалық ПД баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная