Стоматология арқылы зейнетақы қаржысын алу: он бір адам қамауға алынған

Дина Шарипханова Корреспондент
Стоматология арқылы зейнетақы қаржысын алу: он бір адам қамауға алынған Midjourney арқылы жасалған

Қаржылық мониторинг агенттігі "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ-дан азаматтардың жинағын заңсыз алу деректері бойынша стоматологиялық клиникалардың басшылары мен өзге де адамдарға қатысты тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржылық мониторинг агенттігі "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ-дан азаматтардың жинағын заңсыз алу деректері бойынша стоматологиялық клиникалардың басшылары мен өзге де адамдарға қатысты тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қанша адам қамауда?

ҚМА мәліметінше, зейнетақы жинағы стоматологиялық қызмет көрсету туралы шарттар жасасу және кейін жалған медициналық құжаттар ұсыну арқылы алынған.

Реклама
Реклама

"Бұл көмек үшін күдіктілер қаражаттың 10%-дан 20%-ға дейінгі мөлшерінде заңсыз сыйақы ұстап отырған. Қылмыстық схемаға 42 стоматологиялық клиника тартылған. Жалпы сомасы 200 млрд теңгеден аса қаражат алынған. Қылмыстық жолмен келген табысқа күдіктілер элиталық жылжымалы және жылжымайтын мүлік сатып алып, оны жасыру мақсатында үшінші тұлғалардың атына рәсімдеп, жаңа стоматологиялық клиникалар ашқан. Он бір күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды, ал үшеуіне қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - деп жазылған хабарламада.

Жалпы қаражат сомасы

Агенттік мәліметінше, жүйелі түрде заңсыз сыйақы алу үшін медициналық мекемелердің дәрігерлері де дәрігерлік-консультациялық комиссиялардың (ДКК) жалған қорытындыларын берген. Күдіктілерден алынған қаражаттың жалпы сомасы - 30 млн теңге.

Бұл деректер бойынша соталды тергеп-тексерулер басталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама