Стрим-тұзақ: ШҚО-да жасөспірім алдаудың жаңа әдісін ойлап тапқан

Дина Шарипханова Корреспондент
Midjourney

ШҚО-да киберполиция қызметкерлері әлеуметтік желілердегі тікелей эфир арқылы ерекше алдау схемасын ойлап тапқан жасөспірімді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ШҚО-да киберполиция қызметкерлері әлеуметтік желілердегі тікелей эфир арқылы ерекше алдау схемасын ойлап тапқан жасөспірімді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ШҚО ПД деректері бойынша, ол стримге шығып отырған адамдарды бақылап, эфирге көрініп қалған кодтарды ұрлаған.

"Осы кодтарды пайдалана отырып, күдікті жәбірленушілердің парақшаларына кірген. Бөгде парақшаға кіргеннен кейін ол жәбірленушілердің контактілеріне қарызға ақша беруін сұрап хабарламалар жіберген. Алынған сомалар оның есепшоттарына түсіп отырған", – деп полиция схеманы ашып көрсетті.

Реклама
Реклама

Алаяқтық әрекеттердің салдарынан облыстың бес тұрғыны зардап шеккен.

Полицияда "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны нақтыланды. Сондай-ақ ұсталған адамның басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеріліп жатыр.

Құқық қорғаушылар қазақстандықтарға онлайн-эфирлер кезінде қауіпсіздік ережелерін еске салды:

  • кадрда растау кодтары бар SMS пен басқа да хабарламаларды көрсетпеу;
  • жеке деректерді (ЖСН, банк картасының нөмірі, телефон, мекенжай) жарияламау және айтпау;
  • аккаунттарды қорғау үшін екі факторлы аутентификацияны пайдалану.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама