Студент қыздарға қатысты интим ақпараттың тарауы: министрлік ҚазҰУ-дан түсініктеме беруді сұрады

Фото:depositphotos.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦРҒЗИ) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) студенттері деректерінің Желіге тарап кетуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦРҒЗИ) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) студенттері деректерінің Желіге тарап кетуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ЦДИАӨМ мәліметінше, бұл жағдайда қолданыстағы заңнама бұзылып отыр.

"Интернетте жеке деректердің (соның ішінде медицина қызметкері құпиясы) таралуы туралы жарияланған ақпаратқа байланысты, бұл жағдайда жеке деректер және оларды қорғау туралы қолданыстағы заңнама бұзылып отырғанын хабарлаймыз", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Осыған байланысты ЦДИАӨМ университетке сауал жолдады. Жеке деректері көрсетілген, тізімде болған студент қыздардан кінәлілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін министрлікке жүгіну сұралды.

Еске салайық, тізім туралы ақпарат Qumash Telegram-арнасында пайда болды. Арна авторлары WhatsApp желісіндегі 190 адамнан тұратын старосталар тобында студент қыздардың тізімі бар 4 құжат жіберілгенін (1-курстан 4-курсқа дейін) жазды. Онда қыздардың толық аты-жөнінен басқа олардың ЖСН, ұялы телефондары және медициналық деректері болған. Сондай-ақ, олардың қайсы вирго (гинекологиялық тілмен айтқанда - пәк), қайсы вирго емес екені туралы ақпарат бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама