ПОДЕЛИТЬСЯ
04 мамыр 2024 | 09:42
Су айдынына қонған санитарлық авиация ұшағында жүрек талмасы бар науқас болған
ЖШС "Навигатор" авиакомпаниясына тиесілі UP-A0124 мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі бар Ан-2 әуе кемесінің Арқалық-Ақсұңқар (Қостанай) бағытында № АК31224 санитариялық рейсін орындау мақсатында 16:10-да биіктіктің күрт төмендеуінен су айдынына (еріген су) тайып қонды. Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы төтенше жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, таңертең медициналық авиацияның электрон поштасына миокард инфарктісі диагнозымен 1964 жылы туған науқасты тасымалдау туралы өтініш түскен.
"Науқасты Қостанай облыстық ауруханасына жеткізу үшін сағат 16:09-да құрамында екі ұшқыш, дәрігер және фельдшер бар санитарлық авиация бригадасы Арқалық қаласына ұшты. Алдын ала болжам бойынша, екпіні күшті желдің салдарынан санитарлық авиация әуеге көтеріліп бара жатқанда аударылып қалған. Науқас жарақатсыз "Арқалық өңірлік ауруханасына" жеткізіліп, емін ауруханада жалғастырып жатыр", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.
Санитарлық авиация бригадасы зардап шеккен жоқ, оларға аурухананың медицина қызметкерлерінің бақылауында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также