14 тамыз 2024 | 12:36

"Су керек". Алматы облысындағы ауыл тұрғындары жолды жауып тастады

Видеодан алынған кадр

Алматы облысы Қарасай ауданы Долан ауылында судың үнемі болмауына қарсы митинг өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысы Қарасай ауданы Долан ауылында судың үнемі болмауына қарсы митинг өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Долан ауылының тұрғындары ауыз судың жоқтығына наразылық білдіргені бейнеленген видео тарады. Оқиға 13 тамызда болған. Ауыл тұрғындары көлік қозғалысына тосқауыл қойып, жолдарды жауып тастады. Сондай-ақ, кадрлардан полицейлердің ашулы тұрғындарды ұстауға тырысып жатқанын көруге болады.

Реклама
Реклама

"Райымбек ауылдық ауданының әкімдігі мүлдем жұмыс істемейді! Қыста да, жазда да!
Егер ол өз міндеттерін орындай алмаса, әкім кетсін", "Біздің халыққа тек су, газ, жол және жарық қажет. Ең қарапайым мәселелер шешілмей тұр. Әкімдер өз орнында неліктен отыр?", "Біз әкім мен су арнасының өкілін кездесуге шақырдық. Олар келген жоқ. Егер олар келсе, мұндай жанжал болмас еді. Бесеуі ұсталды. Полиция да "биіктікте", халықпен қарым-қатынас жасауды білмейді. Адамдарды мыжып, итеріп тастады. Біздің көршілерімізді не үшін әкетті? Олар ештеңе істемеді" - деп жазған қазақстандықтар.

Қарасай ауданының әкімдігі биыл сәуірден бастап Доланды сумен жабдықтауға "Bey AzhTrans" ЖШС жауапты екенін хабарлады. Ауызсу 11 тамызда кешке тереңдік сорғысының істен шығуына байланысты тоқтатылғанын, бүгінге дейін тереңдік сорғысы жаңасына ауыстырылғанын түсіндірді.

"Қазіргі уақытта сумен жабдықтау орташа қысыммен жүзеге асырылады, су құбыры желілері мен су мұнарасын толтыру жалғасып жатыр. Сумен жабдықтаудың уақытша тоқтатылуына байланысты 13 тамызда "Дихан" дүкенінде 30 адамнан тұратын бір топ тұрғын жиналды. Тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, содан кейін олар тарап кетті", - деп түсіндірді әкімдік.

Алматы облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, әлеуметтік желіде тараған өзге де ақпарат шындыққа жанаспайды.

"Қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берілмеді", - деп толықтырды Алматы облысының полициясы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная