Су ресурстары комитетінің басшысы қамалды

Су ресурстары комитетінің басшысы қамалды Ислам Әбішев. © primeminister.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот 16 наурызда шенеунікке қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

"Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Ислам Әбішевке қатысты 2 айға - 2019 жылдың 14 мамырына дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады", - деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметінің өкілдері.

Жарнама
Жарнама

Шенеунікке қандай айыптар тағылғаны хабарланбай отыр.

Айта кетейік, 15 наурызда Ислам Әбішевтің қызметтен шеттетілгені хабарланған еді.

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама