09 сәуір 2024 | 16:55

Судья Бишімбаевтың адвокатына: "Бұл процесті созу ма?"

© Tengrinews.kz 2024. Тұрар Қазанғапов

Бүгін Қуандық Бишімбаевтың сотында алматылық сот сарапшысы Тахир Халимназаров сөз сөйледі. Айыпталушының адвокаттары оған көптеген сұрақ қойып, кейбірін судья қабылдамады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Қуандық Бишімбаевтың сотында алматылық сот сарапшысы Тахир Халимназаров сөз сөйледі. Айыпталушының адвокаттары оған көптеген сұрақ қойып, кейбірін судья қабылдамады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атап айтқанда, сотталушының адвокаты, Бишімбаевтың айтуы бойынша, Нүкенова дәретханаға құлаған кезде мұрнын сындыруы мүмкін бе деп сұрады. Судья Айжан Кулбаева бұл сұрақ бұрын қойылғандықтан басқа сұрақ қоюды сұрады. Бұл ретте судья Кулбаева адвокат бұрын қойылған сұрақтарды қойып отырғанын атап өтті.

Бұдан кейін Бишімбаеваның қорғаушысы жәбірленушінің мастық дәрежесі және оның аяғына тұра алуы туралы сұрақ қойды. Судья бұл сұрақты да алып тастады, сұрақ болжам сипатында екенін айтты. Осыдан кейін адвокат марқұмның қанындағы алкоголь мөлшері шамалы ма, Нүкенованың мастығы алкогольге жеке төзімділігіне байланысты болуы мүмкін бе деп сұрады.

Реклама
Реклама

"Сіз сұрақ қойдыңыз, сотпен дауладыңыз, келесі сұрағыңыздан оған жауабыңыз бар. Даудың мәні неде, қорғаушы тарап? Сотта дауыс көтеріп, бұлай сөйлеудің қажеті жоқ. Сіз өз сұрағыңызға жауапты білдіңіз, екінші сұрағыңызда бірінші сұраққа жауап бар. Бұл процесті созу ма, түсінбей тұрмын? Осылай қайталап, дауыс көтеріп, тәртіпті бұзсаңыз, сот сот актісін жасауға мәжбүр болады", - деп ескертті судья.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная