22 ақпан 2021 | 11:18

Судья карантинде мейрамханада жүр: Қарағанды облыстық соты видеоға түсінік берді

Видеодан алынған кадр

Қарағанды облыстық соты карантин кезінде мейрамханада жүрген судья Естай Исабековтың видеосына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облыстық соты карантин кезінде мейрамханада жүрген судья Естай Исабековтың видеосына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қарағанды облыстық сотының судьясы Естай Исабековтің БАҚ пен әлеуметтік желілерде тараған видеосына қатысты қызметтік тексеру жүргізілгенін хабарлаймыз. Тексеру материалдары Қарағанды облысы бойынша Судьялар одағы филиалының Судья әдебі жөніндегі комиссиясына жіберілді, ол қазір қарауда. Қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланады", - деді Қарағанды облыстық сот өкілдері.

Ресми деректерге сәйкес, судья Естай Исабеков 1978 жылы туған. Бұрын ол прокуратурада жұмыс істеген. Карьерасын 2009 жылы Теміртау қалалық сотында бастаған. Қазіргі уақытта Қарағанды облыстық сотының судьясы.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде Қарағандыда болған тойдың видеосы тараған болатын. Кадрларға қарағанда, Қарағанды облыстық сотының судьясы анасының мерейтойын қаланың беделді мейрамханаларының бірінде өткізген.

"Қарағанды облыстық сотының судьясы Естай Исабеков мобильді топ мүшелерімен "сен" деп сөйлеседі, полицейден маскасын шешуді талап етіп, мекемеде прокурорлар да демалып отырғанын мәлімдеді", - деп жазылды "Хабар 24" сайтында. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная