ПОДЕЛИТЬСЯ
02 шілде 2021 | 16:09
Судья, заңгер және адвокаттар міндетті вакцинация тізіміне енді ме?
Facebook-те заңгерлер, нотариустар мен судьялар Қазақстанда міндетті вакциналауға жататын мамандық өкілдерінің тізіміне енбегені туралы хабарлама жарияланды. Stopfake сайты ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл жағдайға қатысты түсінік берді.
"Бас санитария дәрігердің қаулысында адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтерін көрсететін объектілер қызметкерлерінің міндетті вакцинациялауға жататыны көрсетілген", - деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.
Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта сот отырыстары онлайн режимде өтетіндіктен тізімде судьялар мен сот приставтары жоқ екенін айтты.
Еске салайық, міндетті вакциналауға жататын мамандық өкілдерінің тізімі ҚР бас санитария дәрігерінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 31 қаулысымен бекітілген. Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден оқуға болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также