ПОДЕЛИТЬСЯ
23 қараша 2020 | 16:12
Sulpak Алматыда ағаштардың кесілгені туралы айыптауларға жауап берді
Алматылықтар Әуезов пен Төле би көшелерінің қиылысындағы ағаштардың кесілгеніне наразылық білдіріп жатыр. Әлеуметтік желілерде кінәлілерді жазалауды талап ететін ондаған хабарлама пайда болды. Жасыл экономика басқармасының баспасөз қызметі мен Sulpak компаниясының өкілдері осы жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматылықтар Әуезов пен Төле би көшелерінің қиылысындағы ағаштардың кесілгеніне наразылық білдіріп жатыр. Әлеуметтік желілерде кінәлілерді жазалауды талап ететін ондаған хабарлама пайда болды. Жасыл экономика басқармасының баспасөз қызметі мен Sulpak компаниясының өкілдері осы жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Экобелсенді Тимур Елеусізовтің айтуынша, ағаштар 23 қарашада түнгі сағат төрттерде кесілген.
"Тұрғындар полицияны шақырған, өйткені олар шуылдап кеткен. Олардың ағаштарды заңсыз кесіп жатқаны анықталды. Шамамен 9-10 емен мен екі қарағаш кесілген. Бұл шектен шыққандық. Осы жағдай бойынша кінәлілерді жауапқа тартуды талап етемін", - дейді экобелсенді.
Facebook желісіндегі "Экологическое общество Алматы" парақшасындағы мәліметке қарағанда, Алматыда мұндай жағдайлар өте көп кездеседі.
Жасыл экономика басқармасының өкілдері осы жағдайға қатысты пікір білдірді.
"Осы мекенжай бойынша Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасы ағаштарды кесуге рұқсат берген жоқ. Басқарма қызметкерлері кесілген ағаштардың құрамы мен құқықбұзушыны анықтау үшін аудан әкімі мен Алматы полиция департаментінің өкілдерімен бірге жұмыс істейді. Кінәлілерді анықтағаннан кейін Алматы полиция департаментімен бірлесіп жауапкершілікке тартамыз. Кейін тексеру нәтижелері бойынша толық ақпарат береміз", - деді ведомстводағылар.
Айта кету керек, әлеуметтік желілердің кей қолданушысы ағаштарды Sulpak компаниясы өкілдері кесіп тастады деп айыптап жатыр.
"Кешеден бері ағаштардың кесілгені туралы көптеген хабарлама келіп түсіп жатыр. Ағаштар кесілген аумақ Sulpak компаниясының меншігіне жатпайды және біз сіз сияқты осы адамдардың әрекеттерін заңға қайшы деп санаймыз. Біз бірден құқық қорғау органдарына жүгіндік. Тергеу тез арада жүргізіледі деп сенеміз, тиісті органдарға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз", - деді Sulpak компаниясының өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также