02 қараша 2018 12:37

Сұлтанов "Әбу-Даби Плаза" құрылысы қашан аяқталатынын айтты

© Тұрар Қазанғапов

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов "Әбу-Даби Плаза" құрылысы қашан аяқталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов "Әбу-Даби Плаза" құрылысы қашан аяқталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала әкімі dialog.egov.kz сайтындағы интернет-конференция барысында тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Реклама
Реклама

Сұлтановтың айтуынша, сауда орталығының құрылысы 2019 жылдың 30 қазанында, ал қонақүй кешенінің құрылысын 2019 жылдың 30 желтоқсанына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Ал "Әбу-Даби Плаза" тұрғын үй кешенінің құрылыс жұмыстары 2020 жылдың 30 қаңтарында аяқталады. Қызмет көрсету апартаменттері болса 2020 жылдың 28 ақпанында дайын болады.

Әкімнің айтуынша, биік әрі көпфункционал кешеннің құрылысы ұзағырақ уақытты алады. Ол нысан 2020 жылдың 30 маусымында тапсырылады.

Мұның алдында тамыз айында құрылыс компаниясының бас директоры Элиас М. Дибб 2019 жылдың ортасында сауда орындары мен қонақүйлерді пайдалануға беру жоспарланып отырғанын айтқан болатын.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram