ПОДЕЛИТЬСЯ
02 қараша 2018 | 14:59
Сұлтанов Астанада жаңбыр жауған сайын су басу қашан тоқтайтынын айтты
2019 жылдың соңына қарай Астананың проблемалық учаскелеріндегі жаңбыр суы ешбір кедергісіз бұрылады. Бұл туралы қала әкімі Бақыт Сұлтанов dialog.egov.kz сайтындағы интернет-конференция барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Астананы жауын-шашын суы жиі басады. Көктемде де осы жағдай қайталана ма? Су тасқынын алдын алу үшін не жасалды?", - деп сұрады әкімнен тұрғындардың бірі.
Сұлтанов жауабында нөсер канализациясы мен сорғы станциясының салынып жатқанын айтты.
"Осы жылдың соңына дейін су жинайтын орындардың аумағы 13,54 мың гектар болады. 2018 жылы Логистикалық орталық пен М-2 көлік жол айырығы аудандарында су жиналатын орындардың құрылысын аяқтау жоспарланып отыр", - деді әкім.
Сондай-ақ, оның айтуынша, 2019 жылы "Нұрлы жол" вокзалы аумағында, Тельман массивінде, Өндіріс пен Үшқоңыр көшелерінің қиылысында және Құдайбердіұлы көшесінің аумағында сорғы станцияларының құрылысы мен ондағы жөндеу жұмыстары аяқталады деп жоспарланып отыр.
Показать комментарии
Читайте также