13 шілде 2021 | 15:58

Сұлтанов картоп пен сәбіз қашан арзандайтынын айтты

TENGRINEWS/ © Тұрар Қазанғапов

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстанда картоп пен сәбіз бағасы күзде арзандайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстанда картоп пен сәбіз бағасы күзде арзандайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сәбізге байланысты, көршілес Өзбекстанда да сондай мәселе болды. Біздегі баға бойынша, біз импорттаған болатынбыз, себебі Өзбекстан мен Ресей Федерациясында да сұраныс жоғары болды. Картопқа да, сәбізге де. Бүгінде картоптың бағасы арзандап келе жатқанын байқап отырмыз. Бұл жағдай сәбізге де қатысты", - деді Сұлтанов ОКҚ брифингінде. 

"Ұлттық қордың түбі көрінуі мүмкін". Экономист картоп неге қымбаттағанын түсіндірді

Реклама
Реклама

Еске салайық, биыл маусым айының басынан бері Қазақстанның бірнеше өңірінде картоп бағасы қымбаттай бастаған болатын. Мысалы СҚО-да картоптың келісі 500 теңгеден сатылса, ақтөбеліктер де көкөністердің қымбаттауына наразы болды. Өңірде картоптың келісі 300 теңгеден болса, қызылша мен сәбіздің бағасы одан қымбат - келісі 400 теңгеден. Мұндай жағдай қаланың барлық жерінде байқалған. Мысалы коммуналдық нарықта картоптың бағасы 300-350 теңге аралығында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная