ПОДЕЛИТЬСЯ
07 ақпан 2022 | 09:34
"Сұмдықтың бәрін көрдім" - қаңтар оқиғасын тергеу комиссиясының басшысы
Қазақстандық журналист Вера Захарчукке берген сұхбатында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар трагедиясын тергеудегі шектен шығулар туралы сұраққа жауап бере отырып, азаматтар құқығы бұзылмауын қамтамасыз етуге мүдделі екенін айтты. Ол Бас прокуратураға әрбір іс бойынша тексеру жүргізуді тапсырғанын атап өтті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы белгілі құқық қорғаушы, заңгер Айман Омарова басқаратын белсенділер құрған қоғамдық комиссия туралы айтты. Тәуелсіз комиссияның миссиясы мен міндеттері туралы толығырақ білу үшін Tengrinews.kz тілшісі осы бірлестік жетекшісіне хабарласып көрді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық журналист Вера Захарчукке берген сұхбатында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар трагедиясын тергеудегі шектен шығулар туралы сұраққа жауап бере отырып, азаматтар құқығы бұзылмауын қамтамасыз етуге мүдделі екенін айтты. Ол Бас прокуратураға әрбір іс бойынша тексеру жүргізуді тапсырғанын атап өтті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы белгілі құқық қорғаушы, заңгер Айман Омарова басқаратын белсенділер құрған қоғамдық комиссия туралы айтты. Тәуелсіз комиссияның миссиясы мен міндеттері туралы толығырақ білу үшін Tengrinews.kz тілшісі осы бірлестік жетекшісіне хабарласып көрді.
"Мен бұл шешімді құптаймын (қоғамдық комиссия құру - авт. еск.). Шынында да, қазір не болып жатқанын және сол қайғылы күндерде не болғанын объектив түрде түсінуі үшін біз тәуелсіз қоғамды тартуымыз керек", - деді Тоқаев сұхбатында.
Айман Омарова - 4 қаңтарда Алматыдағы Республика алаңында болған жағдайды көзімен көргендердің бірі, қаңтар оқиғасын тергеу жөніндегі "Ақиқат" қоғамдық комиссиясының төрағасы.
"Сол күні кешкі сағат 18.00-ден кейін мен алаңда болдым. Мен мұндай "бейбіт" митингті ешқашан көрген емеспін. Қозғалыстың өзі, орналасуы және саны - бәрі басқаша болды. Қапталдағы топтар ашулы болды. Ортада тұрғандарды сыртқа шығармау үшін қоршап тұрған сияқты. 18 жастағы жасөспірімнің оқиғаға күштеп тартылғанын көрсететін деректер бар. Қорқытып оларды автобусқа кіргізді: алдымен айғайлап, қарсылық көрсетті, бірақ кейін қорыққаннан алаға шықты. Кейін өздері жан-жаққа тарап кетті. Бәрі дайындалған: қару ұстағанын қараңыз, нөмірі жоқ көліктер келіп, сұйықтықтарды таратып берді. Біріншіден, митингіге тек ер адамдар қатысты. Екіншіден, олардың жас құрамы күресуге қабілетті адамдар. Үшіншіден, олардың киімдері және қарулы болуы. Әлбетте, бұл әрекеттің өзі билікті басып алуға бағытталған", - деді құқық қорғаушы.
Қаңтардағы тәртіпсіздіктер Алматыны ғана емес, еліміздің басқа да өңірлерін қамтыды. Омарова әр жерде жағдай түрлі сипатта болғанын айтты. Оларды біріктіретін жалғыз нәрсе - митингілер. Оның айтуынша, наразылық білдірушілердің шыққан себептері әртүрлі болды әрі олар істеген құқық бұзушылықтар да әртүрлі болған.
"Ерекше құбылыспен, яғни гибридті формамен айналысып жатырмыз: біреулер бейбіт митингке барды, басқалары зорлық-зомбылық экстремизмінің құрбаны болды, енді бірі экстремистер, ал келесі топ - билікті басып алуды жоспарлаған лаңкестер. Сондықтан біреу бейбіт митингке барды, ал біреу бейбіт митингке бармады. Біреу қазір не болатынын және одан пайда табуға болатынын білді, ал біреу жоспарланған экстремистік және лаңкестік әрекеттерге барды", - деді ол.
Оның айтуынша, кейінгілері мұны жоспарлап, кету жолдарын да алдын ала дайындаған. Омарова қаңтар оқиғаларына қатысқан экстремистер мен лаңкестердің көпшілігі бұрыннан елден тыс жерде болған деп болжайды.
"Жасырынуға үлгермеген кейбіреулері ұсталуы мүмкін, бірақ негізгі бөлігі, әрине, жасырынып үлгерді. Сондай-ақ, ортасында негізгі күш ретінде жұмыс істегендер қалды. Қазір ұсталғандардың айтуынша, олар наразылық білдірушілер қатарында болған, бірақ төбелеспеген, ештеңе істемеген, жай көргісі келген. Кейбіреулер бейбіт митингке қатыспады, бірақ содан кейін сұмдық оқиға басталды дейді. Сондықтан әр жағдайға нақты қарау керек.
Кейбіреулер оқиғаға шын мәнінде, қатысқан болуы мүмкін, ал қазір олар жай ғана өтіп бара жаттым дейді. Ешкім түрмеде отырғысы келмейді. Сондықтан олардың арасында сол жерде болған және оны мойындағысы келмейтіндер бар. Ешкім шындықты, тонағандарын айтқысы келмейді. Ондайлар өте көп. Бірақ шағымданушылардың көпшілігі жай ғана сол жерде болғанын, ештеңе істемегенін айтады. Олар не үшін соттап жатқанын сұрайды. Алайда мен де 5 қаңтарда алаңда болдым. Осы сұмдықты өзім көрдім және ол жерден жай ғана өтіп кету мүмкін емес екенін айтқым келеді. Мен сияқты адамдар аз болды. Мені де ұстап, қатыстың деп айтар еді", - деді адвокат.
Қазір "Ақиқат" қоғамдық комиссиясына күн сайын жүздеген адам жүгінеді. Бірлестіктің кейбір мүшелері жеке қабылдайды, басқалары телефон арқылы, ал кейбір шағымдар электрон пошта арқылы қабылданады. Күніне кем дегенде 60-70 сұраныс өңделеді, ал күніне ең көп саны 150 өтінішке дейін жетті.
"Жүгінгендердің айтуынша, құқық қорғау органдарының өкілдері видеоға қарап, тұжырым жасайды: сол жақта жүрген болса, жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген сөз деп. Адам сол жерде болғаны үшін ғана лаңкес деп немесе жаппай тәртіпсіздік жасады деп айып тағады. Бірақ бұл дұрыс емес, бәрі мұндай әрекетке барған жоқ қой. Эксцесс болды: біреу өлтіргісі келді, біреу тонағысы келді, ал үшіншісі бұзақылыққа дайын болды. Әрқайсының қылмыстық құқықбұзушылығы. Видео сияқты дәлел болмаса, қылмыс құрамын анықтау өте қиын.
Алайда, лаңкестікке қатысқандар да бар. Мұнда да проблема бар. Дәлел жоқ болса, құқыққорғаушылар заңға қайшы әрекеттер жасайды.
Бір адам екіншісін көрсетіп, сол жақта көрдім десе, оған сенбеймін. Бұлай болмайды. Алаңда шок болған адамдар жүрді, құжынаған адам ішінде бір-бірін таппай қалғандары болды. Мұнда куәлік еткендердің сөзіне ғана емес, дәлелге жүгіну қажет. Видео ғана негізгі дәлел болуы тиіс, бұл кадрлар құқық қорғау органдарында бар", - деді ол.
Айман Омарова халық құқық қорғау органдарынан әділ тергеу күтетінін атап өтті. Ол жоғары санатты мамандарды тарта отырып, сапалы тергеу жүргізуге шақырды.
"Қазір ондай мамандар аз. Кінәнің нақты дәлелі болмаған кезде адам азаптала бастайды. Бұл қолайсыз, әр жағдайға және іс нақты қарау керек. Қызылордада көптеген заңсыз әрекетті көрдім. Адам ештеңе істеп тұрған жоқ, бірақ ол видеоға түсіп қалған. Сондықтан құқық қорғау органдары бұл міндетті орындай алмайтын жағдай қалыптасты", - деп атап өтті заңгер.
Оның айтуынша, қаңтар оқиғасынан кейінгі тергеу кезінде көп адам құқық қорғау органдары өкілдері тарапынан болған азаптауға шағымданған.
"Қазір азаптау көп болып кетті. Себебі адамдар істі дұрыс білікті тергеуді білмейді, олар әділдікті білмейді. Қылмыстық іс осынша көп болса солай болады. Әдетте ондай іс аз болғандықтан қысым байқалмай кететін, себебі олар бәрін тыныш істейтін. Ал бұл жерде іс жаппай болып тұр", - дейді ол.
Оның сөзінше, митингіге қатысқан деген күдікке ілінген адамдарды қамауға алмай-ақ қоюға да болады.
"Егер адамның тұрғылықты мекенжайы болса, ол Қазақстан азаматы болса, әсіресе денсаулығы нашар немесе жарақат алған болса оларға басқа шара қолдануға болады. Бұл жағдайда ол тергеуге қалай әсер ете алады, ол не істей алады? Ол, мысалы, тіпті алаңға шыға алмайтындай ақсап қалса.
Қазір біз немен күресіп жатқанымыз түсініксіз. Кейбірі жай өтіп бара жатқан немесе бейбіт шеруге шыққан. Егер расында солай болса, бәрін жауапкершілікке тартудың қажеті жоқ, оларды босатыңыздар. Иә, олар митингіде болды. Бірақ ол қылмыстық іс емес қой, оларды әкімшілік жауапкершілікке тартыңыздар", - дейді ол.
Омарованың сөзінше, "Ақиқат" қоғамдық комиссиясы азаматтарға тегін қызмет көрсетеді. Сондықтан комиссия мүшелері кәсіпкерлерден, меценаттар мен демеушілерден қаржылай көмек сұрайды.
"Біз өңірлерге барып тұрамыз және жол ақысын төлеуге мүмкіндік болмай жатады. Бірақ бізден көмек сұрап келген адамдардан ақша алғымыз келмейді, себебі олардың өз проблемасы бар. Олар бізден көмек сұрайды. Сондықтан меценаттар мен демеушілерден жол ақысын төлеп беруге көмек сұраймыз. Комиссияда 20-ға жуық адам істейді, бірақ олардың саны әлі өседі деп ойлаймын. Себебі азаматтарға көмек кезең-кезеңімен жүреді: қазір деректер жинап жатырмыз, сосын заңгерлер құқықтық бағалаумен және істерді зерттеумен жұмыс істейтін болады. Кейіннен видео бойынша мамандар қажет болуы мүмкін: біз жағдайды бағалау үшін кім қайда барғанын зерттейміз. Яғни адам көп болады", - деді адвокат.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также