Сүрленген соғым еті қатерлі ісікке шалдықтыруы мүмкін

С?рленген со?ым еті ?атерлі ісікке шалды?тыруы м?мкін. Б?л туралы Б?ММУ медициналы? орталы?ыны? онкохирургі ?ріп ?ойшыбаев "Диапазон" газетіне берген с?хбатында айтты. Онкологтарды? айтуынша, онкологиялы? дертті? е? жиі кездесетіні - с?т безі ?атерлі ісігі, ?кпе ?атерлі ісігі ж?не ас?азан ?ылтама?ы.  

Сүрленген соғым еті қатерлі ісікке шалдықтыруы мүмкін. Бұл туралы БҚММУ медициналық орталығының онкохирургі Әріп Қойшыбаев "Диапазон" газетіне берген сұхбатында айтты. Онкологтардың айтуынша, онкологиялық дерттің ең жиі кездесетіні - сүт безі қатерлі ісігі, өкпе қатерлі ісігі және асқазан қылтамағы.  

"Бұған бірінші кезекте тағам әсер етеді, сонымен қатар, тұқымға байланысты, бұл көбінде сүт безі қатерлі ісігі, аналық безінің қатерлі ісігі және тоқ ішек қатерлі ісігі. Біздің орталыққа кеш келетін жағдайлардың 20-30 пайыздайы дәрігерлердің қателігінен. Медициналық қызметкерлер бірге жүретін ауруларды ескермей, салдарынан біз науқастарды әрдайым құтқарып қала алмаймыз. Бірақ көп жағдайда халықтың белсенділігі төмен, тегін болса да скрининг жасау ұсынылса да, тексерілу туралы баннерлер ілініп тұрса да, роликтер көрсетіліп жатса да халық белсенді емес", - дейді онколог.

Қойшыбаевтың айтуынша, ауылдық жерлерде халық онкологиялық аурумен сирек ауырады. 

Реклама
Реклама

"Еліміз бойынша жалпы географиялық фактор жайлы айтсақ, Қазақстанның солтүстік өңірлерінде оңтүстікке қарағанда үш есе жиі ауырады. Солтүстікте зауыт көп, халық дұрыс тамақтанбайды. Қысқа ет дайындайды. Қақталған кез келген өнім қауіпті, себебі қақтау кезінде канцерогендер пайда болады, ал солтүстікте қақталған ет көп қолданылады. Мысалы қысқа соғымға дайындайды. Бір қақталған соғым болса, оңтүстікте жеміс көп желінеді. Балауса жеміс пен көкөніс жеу ауруға шалдығу қатерін төмендететіні дәлелденген. Бірақ оңтүстікте күннің әсерінен тері қатерлі ісігіне көп шалдығады", - дейді онкохирург.

Tengrinews
Автор сұрағы
news5
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама