29 қазан 2019 | 12:37

"Сүрудің не қажеті бар еді?" Тоқаев "Алатау" кинотеатры туралы

© Tengrinews.kz коллажы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына екі күндік сапары барысында жиналыс кезінде  "Алатау" кинотеатры мен жасөспірімдер театрының сүрілуі жайлы айтты, - деп хабарлайды Теngrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына екі күндік сапары барысында жиналыс кезінде  "Алатау" кинотеатры мен жасөспірімдер театрының сүрілуі жайлы айтты, - деп хабарлайды Теngrinews.kz тілшісі. 

"Бұрынғы қала құрылысы кезінде Алматының орталығы жайлы біраз қате кеткен. Жергілікті алматылық ретінде айтарым, Абылай хан көшесіндегі тарихи ғимараттың орнында үлкен тұрғын үй салуға келісе алмаймын. Сонымен қатар, Қабанбай батыр көшесіндегі қонақүй жайлы да. Үлкен қонақүй тұр. Барлығын жауып тастаған. "Алатау" кинотеатрының сүрілуі жайлы да сондай пікірдемін. Кинотеатр ғимаратын сүрудің не қажеті бар еді? Алматылықтар үшін маңызды нысан еді. Сонымен қатар, оған біршама уақыт пен күш-жігер жұмсалған. Алматыда мұндай мысалдарды көп келтіруге болады. Орталық аудандарда тығыз құрылысқа тыйым салынуы керек. Саябақ зоналарын көбейту қажет. Бұл қалалықтардың қызығушылығынан туған маңызды мәселе", - деді Президент. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін Орталық мемлекеттік архив сарапшысы Олег Белоносов тарихи нысандардың сүрілуі жайлы айтқан. Сарапшы көбіне "Алатау" кинотеатрын сөз еткен. 

Сарапшының сөзінше, бұл ғимарат тарихи нысандардың тізіміне кірмегендіктен сүрілген. Бүгінде оның орнында тамақтану орны тұр.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная