Сүтке бөлінген субсидияны құмар ойынға жұмсаған: Жетісуда зауытқа тыйым салынды

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

ҚМА Жетісу облысы бойынша департаменті субсидия жымқыру дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚМА Жетісу облысы бойынша департаменті субсидия жымқыру дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Күдікті - ЖШС-ның басшысы. Ол екі жыл бойы жалған құжаттарды пайдаланып, мемлекет тарапынан сүт өнімдерін қайта өңдеуге бөлінген субсидияларды заңсыз түрде "Ауыл шаруашылығы басқармасынан" ММ алып отырған.

"Келтірілген жалпы залал 300 млн теңгеден асты. Шығындарды растау үшін басқармаға жеке кәсіпкерлерден шикі сүт сатып алу жөніндегі өзара есеп айырысу туралы жалған құжаттар мен май өндіру бойынша жалған мәліметтер ұсынылған. Сонымен қатар, күдікті заңсыз алынған 110 млн теңге мөлшеріндегі субсидияны құмар ойындарға жұмсаған", - деп жазылған хабарламада.

Реклама
Реклама

Сот санкциясымен құны 300 млн теңге болатын зауытқа тыйым салынды. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үй қамаққа алу қолданылды. Тергеу жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама