ПОДЕЛИТЬСЯ
06 желтоқсан 2020 | 19:00
Сүйек бекер сынбады - ER-BATYR жобасында Жандарбек Күнғожинов
ER-BATYR жобасында танымал каскадер, шеберлік әдіс орындаушысы, каскадерлік "Оскар" иегері Жандарбек Күнғожинов. Ол Тимур Балымбетовпен сұхбат барысында неліктен балаларын тәртіпке үйрететінін, "Таурус" жеңімпазы атанған кездегі сезімі, сондай-ақ әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық пен педофилияға деген заңды неліктен қатаңдату керегін айтты. Жаңа шығарылымды ER-BATYR YouTube-каналынан көре аласыздар.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ER-BATYR жобасында танымал каскадер, шеберлік әдіс орындаушысы, каскадерлік "Оскар" иегері Жандарбек Күнғожинов. Ол Тимур Балымбетовпен сұхбат барысында неліктен балаларын тәртіпке үйрететінін, "Таурус" жеңімпазы атанған кездегі сезімі, сондай-ақ әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық пен педофилияға деген заңды неліктен қатаңдату керегін айтты. Жаңа шығарылымды ER-BATYR YouTube-каналынан көре аласыздар.
Жобаның ұйымдастырушылары - Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan қоғамдық қоры. Ақпараттық серіктестер: "Жетінші арна" мен "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жобаның серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы. Жоба ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және Қазақстандағы БҰҰ Халықты қоныстандыру қорының қолдауымен жүзеге асырылады.
Жандарбек Күнғожинов - танымал каскадер, Nomad Stunts каскадерлер тобының жетекшісі. Ол 22 қарашада әлемдік каскадерлер академиясының (АҚШ) "Таурус" сыйлығын алды. Nomad Stunts каскадерлері Голивуд, Болливуд және Түркияның алдыңғы қатарлы студияларымен бірлесіп жұмыс істейді. Олардың фильмографиясында "47 ронинов", "Неудержимые-2", "Путь домой" фильмдері және Netflix, HBO стриминг жүйелерінің сериалдары бар. Тамыз айында әлемдік прокатқа Disney студиясының "Мулан" атты фильмі шықты. Фильмде қазақстандық каскадерлер әртүрлі трюк орындап, Жайдарбек Күнғожинов эпизодта ойнаған болатын.
Эфир қонағы "Таурус" сыйлығының иегері атанған кезде қандай сезімде болғанын айтты.
"Керемет сезім болды, мен ол үшін 20 жылдай тер төктім. Бір күні "Таурусты" жеңіп алармын деп ойладым. 2017 жылы ресейлік "Викинг" фильмі бойынша үміткер болғанымда жеңіске жете алмадық. Paramount студиясының марапаттау рәсімінде отырдық, мен күттім, себебі фильмдегі шеберлік әдістер керемет болатын. Бірақ неміс тобы жеңіп, көңілім түсіп кетті. Бұл жолы онлайн өтті. Жеңіске жететінімізді сездім. Бірақ марапаттау рәсімі болардан үш күн бұрын босаңсып кеттім де ештеңе сезбедім, көңілім тыныш болды. Тіпті трансляция басталған кезде сабырлы отырдым. Басқа қатысушылардың шеберлік әдістерін көрсете бастаған кезде іштей бәсекелестік сезім туды. Күттім, жүрегім тарсылдап кетті, менің атым аталып жатқанын естігенімде ештеңе сезбей қалдым. Бірден секіре бастадым, балаларым не болғанын түсінбей, не болғанын сұрай бастады. Бұл каскадерлік өнердегі ең жоғары жетістік. Сүйек бекер сынбағанын, әріптестеріңнің жарақат алғаны босқа кетпегенін түсінесің", - дейді каскадер.
Сондай-ақ Жандарбек Күнғожинов мансабындағы қиын сәттер туралы айтты.
"Бәрін тастап, кетіп қалу туралы ой болмады, бірақ шаршап кететін сәттер болды. Адамдарды жетектеп, біз, қазақтар көрсету керек екенімізді айтасың. Шетелде жүргенде кейбір каскадерім босаңсып кетеді, ондай сәттерде қатты ашуланамын. Шетелде халықаралық жобада әртүрлі жағдай болды: біресе ұйықтап қалады, біресе кешігіп жатады, олай болмауы керек. Оларға үнемі: "Қандай жетістікке жетсек те сол қалпы қалып, жақсы жаққа қарай өзгеруіміз керек" деп айтамын. Тәртіп жоқ кезде қынжыламын. Кейде жаттығуға да келгім келмейтін сәттер болды. Өзімді періштемін деп айта алмаймын, бірақ бәрін алға жетелеп жүруге тырысамын. Демалыс күндері де демала алмайсың: үнемі қолыңнан телефон түспей, біреумен сөйлесіп, жоспар құрып жүресің. Одан бөлек, 86 адамның денсаулығына деген жауапкершілік те бар", - дейді ол.
Жайдарбек Күнғожинов балаларын тәртіпке баулитынын айтады.
"Спорт - кішігірім әскер, тәртіп. Денеңнен бөлек рухани тұрғыда бағынышты болуға дайындаласың. Оның ешқандай ұяттығы жоқ, мен үнемі егер сен бағына білсең бұйрық та бере алатыныңды айтамын. Мысалы мен, үлкен командам бар, бірақ қандай да бір жобаға барсам ол жерде басшы барын, оның тәжірибесі аз болса да шеберлік әдістерін қоятын адам екенін, ал сен оған бағыну керек екенімді түсінемін. Мен балаларымды бағынуға үйретемін: бағына білсең, адам саған не істе десе соны істесең тек биікте боласың, жетістікке жетесің. Сондай-ақ кез келген жерде тәртіп болуы керек - үйде, тамақ ішуде, киінуде, басқа адамдарға деген қарым-қатынаста. Тәртіп ұжыммен жұмыс істегенде де көмектеседі. Егер оны бала кезден түсінбесең, сандалып жүресің", - дейді каскадер.
Сонымен қатар, сұхбат барысында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесі көтерілді.
"Үнемі ұлымызға мына нәрсені айтамыз: ешқашан әйел адамға қол көтерме, оған жаман сөз айтпа, себебі ол қыз немесе әйел адам - біреудің қызы. Бір күні сенің де қызың болады, ол жар атанады. Ол өз қызыңа қол көтергенмен бірдей. Түсірілім кезінде бір жағдай болды, бір жігіт келіп: "Мен оны бір қойдым" деп мақтана бастады. Мен қасына келіп: "Сен осыдан кейін өзіңді ер адам деп санайсың ба? ол да біреудің қызы ғой. Сен неңмен мақтанып отырсың?" дедім. Жалпы мен заңды қатаңдатар едім, бұлай жалғаса беруіне болмайды", - дейді ол.
ER-BATYR - ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады.
Бұған дейін жоба қонақтары футболшылар Давид Лория мен Самат Смақов, актерлер Тәуекел Мүсілім мен Санжар Мәди, сондай-ақ "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев болған.
Жобаның барлық шығарылымын ER-BATYR YouTube-каналынан қараңыздар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также