13 қыркүйек 2021 | 12:34

"Суық тию немесе улану". ІІМ есірткіге тәуелділіктің жасырын белгілерін атады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Ішкі істер министрлігі қазақстандық жасөспірімдер ата-анасына тәуелділік тудыратын дәрі-дәрмек туралы ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрлігі қазақстандық жасөспірімдер ата-анасына тәуелділік тудыратын дәрі-дәрмек туралы ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Дәріханаларда құрамында есірткі және тәуелділік тудыратын элементтері бар дәрілер сатылады. Ең қауіпті дәрі-дәрмектердің бірі - "Трамадол", синтетикалық опиоидты анальгетик немесе героиннің синтетикалық опиоды. "Трамадол" - нашақорлықтың басталу нүктесі.

Бұл қауіпті, өйткені дәрі әсері кең тараған екі әлеуметтік ауру - суық тию немесе улану белгілерінде көрінеді. Егер жасөспірім дәріні қолданса, ата-ана мұны байқамауы мүмкін, балаға суық тиді немесе уланған деп ойлауы мүмкін. Бұған назар аудару керек", - деді ІІМ брифингінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басқармасының бастығы Бақытжан Әмірханов.

Оның айтуынша, "Трамадолдан" басқа да, жасөспірімдер эйфория үшін қолданатын дәрі-дәрмектер бар.

Реклама
Реклама

"Бұл "Тропикамид" және "Цикломед" көзге арналған тамшылары. Бұрын бұл препараттар тыйым салынған есірткі заттары тізіміне кірмеген және полицияның юрисдикциясына түспеген. Маусымда Үкімет қаулысы бойынша бұлар күшті дәрілер тізіміне енгізілді. Бұл полицияға осы препараттардың айналымын бақылауға алуға және заңсыз айналым үшін адамдарды жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді", - деді Әмірханов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная