Шығын - триллилон теңге. Шпекбаев жасырынып жүрген қазақстандықтар жайлы айтты

Фотоколлаж ©Tengrinews.kz

Мемлекетке а?ша жым?ырудан келген жалпы шы?ын к?лемі 1,1 триллион те?геден асады. Б?л туралы ?Р Мемлекеттік ?ызмет істері ж?не сыбайлас жем?орлы??а ?арсы іс-?имыл агенттігіні? т?ра?асы Алик Шпекбаев интернет-конференция барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекетке ақша жымқырудан келген жалпы шығын көлемі 1,1 триллион теңгеден асады. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев интернет-конференция барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы 82 лауазымды тұлғаны іздестіріп жатыр. Олардың үштен екісі шетелде жүр. 

"Олар қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін, пара алғаны үшін, қылмыстық топтарды ұйымдастырғаны үшін, қаржы жымқырып, оны жаратқаны үшін іздестіріліп жатыр. Мемлекетке келтірілген жалпы шығын көлемі 1,1 триллион теңгеден асады", - деді Алик Шпекбаев.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, ол 2017 жылы 38 тұлғаның ұсталғанын айтып өтті. Айтуынша, 12-сі шетелде ұсталған. Олардың төртеуі Венгрия, Түркия және Ресей Федерациясынан экстрадицияланған, қалған сегізі енді экстрадицияланады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама