Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні болуы мүмкін

©Ярослав Радловский

Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында қар көшкіні қаупі күшейді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қазселденқорғау" ММ ақпараты бойынша, 23-26 қаңтар аралығында қардың көп мөлшерде түсуі мен желдің секундына 15-20 мертге дейін күшеюіне байланысты Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында қар көшкінінің өздігінен түсуі мүмкін", - делінген хабарламада. 

Төтенше жағдайлар қызметкерлері жергілікті тұрғындарға қауіпсіздік мақсатында мүмкіндігінше қаладан шығуды шектеуді ескертеді.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, бұған дейін Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарының таулы аймақтарында қар көшкінінің жүру қаупі бар екені хабарланған болатын. "Қазгидромет" РМК ескертуіне қарағанда, аталған өңірлердің таулы аймақтарында қардың шамадан тыс түсуіне байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін. "Осыған байланысты қаламыздың тұрғындарынан, қонақтары мен туристерінен таулы аймақтарға сапар шекпеуді және төтенше жағдайларды болдырмау үшін қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз", - деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама