Шығыс Қазақстандағы шахтаның бір ауысым кеншілері жұмысқа шықпай қойды

Иллюстрациялық сурет. © Тұрар Қазанғапов

Б?гін Ш?О-ны? Артемьев кенішіні? та??ы ауысымы ж?мыс?а шы?пады. Адамдар ж?мыс кестесін ?згертуді ж?не е?бека?ыны к?теруді с?рап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бүгін ШҚО-ның Артемьев кенішінің таңғы ауысымы жұмысқа шықпады. Адамдар жұмыс кестесін өзгертуді және еңбекақыны көтеруді сұрап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

KAZ Minerals баспасөз қызметінің мәліметінше, түнгі ауысым жұмысын қалыпты аяқтаған, ал таңғы ауысым жұмысқа келгенімен, шахтаға түспей қойған. Өйткені кәсіпорында жиналыс жүріп жатқан. 

"Кеншілер сұрақтар қойып, ұсыныстар айтты. Күн тәртібіне үш ауысымды жұмыс кестесін енгізу мен еңбекақыны көтеру мәселесі талқыланды. Бұл ереуіл немесе заңсыз жиналыс деп айтуға келмейді", - дейді ШҚО бойынша KAZ Minerals корпоротивтік байланыс департаментінің менеджері Ермек Дюзкенев.

Реклама
Реклама

Копания өкілдерінің сөзінше, KAZ Minerals басшылығы кеншілердің еңбекақысын 24 пайызға көтеру туралы шешім қабылдады. Жұмысшылар келесі жиналысты 2018 жылдың 10 қаңтарында өткізбек.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама