04 маусым 2020 09:16

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Талғат Арданның ұсталғаны туралы ақпарат жөнінде пікір білдірді

Талғат Ардан. Фото: alrt.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Астана LRT" компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Арданның ұсталғаны туралы мәліметке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Астана LRT" компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Арданның ұсталғаны туралы мәліметке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кей дереккөздің мәліметі бойынша, Талғат Ардан елордалық тергеу изоляторында екен. Бұл туралы не айта аласыз?", - деп сұрады желі қолданушысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-мәслихатында. 

Реклама
Реклама

"Біз Талғат Арданның "қамауға алу" шарасы бойынша халықаралық іздеуде жүргенін нақтылап айтамыз", - делінген құқық қорғау органының ресми жауабында.

2020 жылы қаңтарда LRT ісіндегі он фигуранттың үшеуіне іздеу жарияланғаны хабарланған. 

Жымқыру ісіндегі басты күдікті Талғат Ардан болған. Ол Астана LRT-ні 2014-тен 2017 жылға дейін басқарған. Ардан жымқыру дерегін анықтағанға дейін елден қашып кеткен болатын.

"Астана LRT" атауы өзгерді

Елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков, "Астана LRT" бұрынғы басшысы Талғат Ардан және мердігер ұйым жетекшілерінің бірі Абдухамитовке іздеу жарияланған еді. Сондай-ақ, қалалық мәслихаттың хатшысы Жанат Нұрпейісов тұтқындалған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram