07 сәуір 2024 | 15:27

Сыр жұртшылығы көркейту-көгалдандыру шараларына жаппай жұмылды

Сыр бойы жұртшылығы өздері тұратын қала, аудан орталығы, ауылдарды тазартуға, көгалдандыруға жаппай жұмылды. Жалпыоблыстық сенбілік ұйымдастырылып, Қызылорда қаласы мен барлық аудандарда 20 мыңға жуық саялы ағаш көшеті отырғызылды.

Еске салайық, өңірде 2 наурыз бен 4 мамыр аралығында "Санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру" атты екі айлық акция өтуде.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сыр бойы жұртшылығы өздері тұратын қала, аудан орталығы, ауылдарды тазартуға, көгалдандыруға жаппай жұмылды. Жалпыоблыстық сенбілік ұйымдастырылып, Қызылорда қаласы мен барлық аудандарда 20 мыңға жуық саялы ағаш көшеті отырғызылды.

Еске салайық, өңірде 2 наурыз бен 4 мамыр аралығында "Санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру" атты екі айлық акция өтуде.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев сенбілікке қатысып, "Қорқыт ата" халықаралық әуежайы аумағына ағаш екті.

Реклама
Реклама

Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында 5 жыл ішінде елді мекендерге 15 млн түп ағаш отырғызуды тапсырған болатын. Осыған сәйкес, Қызылорда облысының елді мекендерін көгалдандырудың және жасыл аймақтар құрудың 2021-2025 жылдарға арналған өңіраралық жоспары бекітілді.

Сенбілікте Қызылорда қаласы аумағына 3000 түп көшет отырғызылды. Студенттер, жастар ресурстық орталығы мамандары, еріктілер "Тағзым алаңы" мен "Бауырластар бейітінің" аумағын тазартты.

Іс-шараға барлық аудандар, елді мекен тұрғындары, еңбек ұжымдары мен белсенді жастар қатысуда.

Осылайша облыс бойынша 1119 мекемеден 14611 адам сенбілікке қатысып, жұмысқа қоқыс жинайтын 219 арнайы техника тартылды. Қоқыс полигондарына 299 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық шығарылды.

Еске салсақ, өткен жылы абаттандыруға республикалық және облыстық бюджеттерден 6,2 млрд. теңге қаржы бөлінді. Бұған 51 жоба жүзеге асырылды, 77 шақырым болатын 58 көше жарықтандырылды, 39 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынып, 6 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері жаңартылды. Тағы 17 көпқабатты тұрғын үйдің 5 аулаішілік аумағы абаттандырылды. Демеушілер есебінен қаладағы 26 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері қапталып, 1 млрд. теңгеге Қызылорда қаласының орталық алаңы көркейтілуде.

Қызылорда облысының әкімдігі ұсынған материал

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная