09 сәуір 2024 | 15:50

Сыр өңірінде "Таза Қазақстан - таза аймақ" экологиялық науқаны басталды

"Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында Сыр өңірінде "Таза Қазақстан - таза аймақ" экологиялық науқаны бастау алды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында Сыр өңірінде "Таза Қазақстан - таза аймақ" экологиялық науқаны бастау алды.

"Қызылорда тазалығы" мекемесі екі ауысыммен жұмыс атқаруда. Тазалық жұмыстарына бір мезетте 75 арнайы техника мен 200-ден астам жұмысшы шығарылады. Соңғы екі жылда мекеменің материалдық-техникалық базасын жаңғырту мақсатында облыс әкімінің қолдауымен
2 млрд. 153 млн теңге бөлініп, оған қажетті техникалар алынды. Қаланың аумағы күннен-күнге ұлғаюда. Осыған байланысты қоқыс полигонына шығарылатын тұрмыстық және қатты қалдықтардың көлемі де артты. Тазалық мәдениетін қалыптастыру бағытында тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын күнделікті жүргізілуде.

Реклама
Реклама

Жалпы, мекеме тарапынан 400 ден астам көшеге тазалау жүргізілуде. Қыс мезгілінде қардан тазалау, жаяу жүргіншілер жолдарын ашу, жаз айларында көше бойларындағы арам шөптерді жұлу және сыпыру, көшелерге екі мезгіл су себу шаралары атқарылуда.

Облыс әкімінің қолдауымен мекеме жұмысшылары қоғамдық көліктерде тегін жүріп, жылына бір рет еліміздің аумағындағы санаторийлерге тегін жолдама алады.

"Қызылорда Тазалығы" МКК 2023 жылдың қаңтар айында қайта құрылды. Қазіргі таңда мекемеде 578 адам еңбек етуде. Жұмысшылардың көпшілігі санитарлық тазалық жұмыстарына жұмылдырылады.

Күнделікті полигонға жеткізілетін қоқыстың көлемі 780 м3 құрайды.

Өткен жылы кәсіпорын көпқабатты 11 тұрғын үйді жаңғыртудан өткізді. Биылғы жылы 21 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуге енгізілді.

Қызылорда облысының әкімдігі ұсынған материал

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная