"Сыра королі" Тоқтар Төлешовтің зәулім үйі мен жер учаскелері Шымкент әкімдігінің иелігіне берілді

16 Тамыз 2017, 09:23
0
"Сыра королі" Тоқтар Төлешовтің зәулім үйі мен жер учаскелері Шымкент әкімдігінің иелігіне берілді -

Тоқтар Төлешевтің 8 жер учаскесі мен 4 коттеджі сот шешімімен Шымкент әкімдігінің меншігіне өтті. Бұл туралы "Астана" телеарнасының тілшілеріне қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Сыра королі" атанып кеткен Төлешовтің меншігінде болған "Фосфоршылар сарайының" тағдыры да шешілетін күн алыс емес. Мәдениет үйіне қатысты сот ісі жүріп жатыр. Ал 8 бірдей жер теліміне келешекте көпқабатты тұрғын үйлер тұрғызылады екен.

Төлешовке тиесілі болған төрт зәулім үйдің екеуі білім бөліміне бұйырып отыр.

"Коттедждердің біреуін әлі оның отбасы босатпады. Оған босату жөнінде сотқа қағаздар өткізілді. Қалған екі коттедж қала әкімдігінің білім бөліміне берілді. Онда мәдениет үйі ашылатын болады. Ал бір коттедж қиратылатын болады", - деді Шымкент қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы Әйгерім Жұмағұлова.

Еске салайық, 2016 жылдың қарашасында Тоқтар Төлешов 21 жылға бас бостандығынан айырылған еді. "ҚР Қылмыстық кодексінің 58-бабының 4-бөлігі бойынша құқықбұзушылықтар жиынтығы қоса отырып, Төлешовті 21 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілсін. Заңсыз жолмен келген мүлкі толығымен тәркіленіп, өмір бойы басшылық қызметпен айналысуға тыйым салынады, жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейді", - деп оқыған еді үкімді судья Ербол Ахметжанов. Ал биыл 13 шілдеде оның тағы бір соты Шымкентте басталды

Төлешовтің адвокаты Мархаба Жақыпованың сөзінше, оған мәлімдемені дұрыс толтырмау, пара беру және тағы бірнеше экономикалық қылмыс бойынша айыптар қоса тағыламақ.

БАҚ-тардың мәліметінше, Төлешовпен бірге 8 адам сот алдына келген, олардың үшеуі әйелдер. Олардың кейбірі сыра зауытының бұрығны жұмысшылары, сонымен қатар ірі көлемде пара алды деп айыпталған мемлекеттік шенеуніктер де бар. Сот процесі ашық тәртіпте өтеді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай