08 наурыз 2023 | 13:16

Сырдария өзені арнасынан асты: Қызылорда облысында жол жабылды

Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы Қызылтам ауылының іргесіндегі қауіпті аймақта Сырдария өзені арнасынан асып кетті. Осыған байланысты облыстық маңызы бар Жалағаш-Жосалы жолы уақытша жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы Қызылтам ауылының іргесіндегі қауіпті аймақта Сырдария өзені арнасынан асып кетті. Осыған байланысты облыстық маңызы бар Жалағаш-Жосалы жолы уақытша жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, су басу аймағындағы шаруа қожалықтарына, ғимараттар мен тұрғын үйлерге зақым келген жоқ. Зардап шеккендер де жоқ.

"Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Мұнда тиіс жұмыстар жүргізіліп жатыр, жағдай бақылауға алынды", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі өкілдері.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұл күндері облысқа Сырдария өзені арқылы секундына 778 текше метр су ағып келіп жатыр.

"21 ақпан мен 4 наурыз аралығында қабылданған шаралар нәтижесінде өзеннің Жаңақорған, Шиелі аудандары, Қызылорда қаласы, сондай-ақ, солтүстік аудандары - Сырдария және Жалағаш учаскелерінде мұз арқылы қозғалу қауіпсіз етілді. Қармақшы ауданындағы Қызылтам ауылы маңындағы қауіпті учаскеде өзен арнасынан асып кетті. Осыған байланысты аудандық маңызы бар Жалағаш-Жосалы (Жосалы ауылынан 43 шақырым, Жалағаш ауылынан 31 шақырым, Далдабай мен Қызылтам елді мекендері арасындағы) жолы уақытша жабылды", - деді әкімдік өкілдері.

Бұл жол екі елді мекенді - Далдабай мен Қызылтамды байланыстырады. Бұл ретте оларға аудан орталықтары - Жосалы, Жалағаш ауылдарынан апаратын ішкі жолдар бар. "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" халықаралық тасжолы ашық және қалыпты жұмыс істейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная