29 тамыз 2024 | 10:27

Сыйақы беріледі: Қазақстан әйелге халықаралық іздеу жариялады

Видео кадры

Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидасын басқарған әйелге халықаралық іздеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидасын басқарған әйелге халықаралық іздеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Батыршина Дана Анварқызы, 1976 жылғы 26 қыркүйекте туған, Өзбекстан, Ташкент қаласының тумасы.

Реклама
Реклама

Ол 2020 жылдың шілдесінен 2021 жылдың шілдесіне дейін Thefiniko қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарды деген күдікке ілінген.

Батыршина азаматтардан жалпы сомасы 65,9 млн теңге және 206,5 мың АҚШ долларын заңсыз жымқырған.

Атап айтқанда, Thefinikо компаниясы сауда және инвестиция платформасы болып саналмайды және әлемдік биржалардың ешқайсысында тіркелмеген.

Егер сіз іздестіріліп жатқан тұлғаның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, ҚМА мына телефон нөмірлеріне хабарласуыңызды сұрайды:

+7-701-218-05-23 - іздеу бойынша,

+7-727-279-29-56 - кезекші бөлім.

Сыйақы мен анонимдікке кепіл беріледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная