"Шымбұлақ" маңында екі рет қар көшкіні жүрді

© Tengrinews.kz

14 с?уірде та??ысын "Шымб?ла?" тау-ша??ы курортында екі рет ?ар к?шкіні ж?рді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?Р ТЖМ "Казсел?ор?ау" ББ-ны? Алматы ?алалы? пайдалану бас?арма жетекшісі Ринат ?міржанов?а сілтеме жасап. 

14 сәуірде таңғысын "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортында екі рет қар көшкіні жүрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ "Казселқорғау" ББ-ның Алматы қалалық пайдалану басқарма жетекшісі Ринат Әміржановқа сілтеме жасап. 

Бірінші қар көшкіні Шымбұлақ - Тұйықсу қақпасы тасжолының маңында сағат 08:30 шамасында жүрді. Көлемі 25 мың текше метр. Бес жарық бағанасы бүлінді. Осы себепті жақын маңдағы д2мханада жарық жоқ. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 

Екінші рет 09:30 шамасында "Шымбұлақтан" жоғары орналасқан "Мыңжылқы" бөгеті маңында жүрді. Оның көлемі - 2500 текше метр. 

Реклама
Реклама

Қазіргі кезде жолды тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жұмысқа алты адам және екі техника жұмылдырылды. Медеуден жоғары қарай және Үлкен Алматы көліне қарай баратын жол жабық. Онда 1 метр 90 сантиметр биіктікте қар жатыр. 

Алматыда қар көшкіні жүру қаупі 17 сәуірге дейін сақталады. Тауға шығуға тыйым салынған. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама