Шымкент әкімдігіне қарулы қарақшылар шабуылдады - жаттығу

Видеодан скриншот

Шымкент ?кімдігінде "Шабуыл-2017" о?у-жатты?уы ?тті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ?кімдікті? Facebook желісіндегі ресми пара?шасына сілтеме жасап. Жатты?у сценариі бойынша ?имарат?а ?ара?шылар шабуыл жасап, бейбіт т?р?ындар?а ?ауіп т?ндірді.

Шымкент әкімдігінде "Шабуыл-2017" оқу-жаттығуы өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі әкімдіктің Facebook желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап. Жаттығу сценариі бойынша ғимаратқа қарақшылар шабуыл жасап, бейбіт тұрғындарға қауіп төндірді.

"Басты мақсат - барлық кұрылымның қарақшылар шабуылына қарсы дайындығын тексеру. Қазіргі таңда барлық жерде терроризммен күрес шаралары күшеюде екені белгілі. Және мұндай оқу-жаттығу сол бағыттағы жұмыстың бір бөлігі. Оқу-жаттығу барлық маңызды нысандарда өткізіліп, оған құқық қорғаушылар, жергілікті полиция қызметкерлері, Әл Фараби полиция бөлімінің жедел қимыл жасағы, төтенше жағдай қызметкерлері мен арнайы күзет өкілдері қатысты", - дейді "ОҚО Күзет" мекемесінің бастығы Тілеубердиев Қанатбек.

Оқу-жаттығуға 120-дай адам қатысқан. Әкімдік өкілдері жаттығудың сәтті өткенін атап өтті. Шұғыл әрекет жасағы діттеген оқиға орнына 5-7 минутта келіп жеткен. Ал кеткен кемшіліктер қайталанбас үшін штаб өкілдерімен талқылауға салынды.

Реклама
Реклама

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама